Ресейдегі қазақстандықтарға орыс тілін меңгергенін дәлелдеу шарт емес
Фотосурет: caravan.kz
Ресей президенті Владимир Путин шетелде тұратын отандастарды қоныс аудару бағдарламасына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Енді Беларусь, Қазақстан, Молдова және Украина азаматтарына орыс тілін меңгергенін дәлелдеудің қажеті жоқ.
Сонымен қатар қоныс аудару бағдарламасына Ресейге қосылған аумақтарда туған және бұрын тұрған адамдар да енгізілді. Бұл – Луганск және Донецк халық республикалары, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстары.
Ресейге «отандастарды қайтару» бағдарламасы арқылы қоныс аударушылардың саны азайып келеді. Мәскеу бұл үрдісті Қазақстанда тұратын миллиондаған орыстар толықтыра алады деп санайды.
Сарапшылардың есебінше, шамамен 3 млн қазақстандық Ресейге көшіп баруы мүмкін кандидат қатарында.
Пікірлер (0)