Зеленскийдің сұхбаты Украинаның жеңілуі мүмкін екенін аңғарта ма? - британдық сарапшының пікірі

Жаңалықтар
view 69
news

Фотосурет: rg.ru

Украина президенті Владимир Зеленский ABC News телеарнасына сұхбат беріп, Киев үшін ең басты жетістік елдің толықтай Ресей ықпалына түспеуі екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпаратт агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл мәлімдемеге британдық геосаяси сарапшы Александр Меркурис назар аударып, оны Зеленскийдің қақтығыс басталғалы айтқан ең пессимистік пікірі деп бағалады. Оның пікірінше, президенттің бұл сөздері Украина жақын арада жеңіліске ұшырауы мүмкін дегенді аңғартқандай.

Зеленский «Егер Украинаны толықтай Ресей басып алмаса, бұл – жеңіс» деді. Бұл – оның бұған дейінгі ең пессимистік пікірлерінің бірі. Шын мәнінде Зеленский соғыстың аяқталуына іштей дайындалып жатқандай әсер қалдырады, – деді Александр Меркурис.

Айта кетсек, бұған дейін маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөз сөйлеп, Мәскеудің ешқашан Украинаның тәуелсіздігі мен егемендігіне күмән келтірмегенін атап өткен болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *