“Ерте босауы мүмкін”: Шерзат Полат ісімен сотталғандар бостандыққа қашан шығады?
Сурет: Ашық дереккөзден
Шерзат Полат сотында жәбірленушілердің құқығын қорғаған адвокат Бағдагүл Әжіғалиева іс бойынша сотталғандар апелляция үкімді күшінде қалдырған жағдайда қашан шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналист Жан Ахмадиев өткізген тікелей эфир барысында оқырмандардың бірінен “сотталғандар ерте шығып кетпей ме?” деп сұрақ қойды.
- Мерзімінен бұрын шығу үшін сот белгілеген азаматтық талап толығымен өтелуі керек. Өтелмеген жағдайда олар шыға алмайды. Екінші талап – ауыр қылмыс бойынша сотталғандар жазасының жартысын, ал аса ауыр қылмыс жасады деп танылған Шынасыл мен Сәкиев жазасының үштен екісін өтеуі керек. Ол шешімді сот қабылдайды. Ол бағытта да сот процесі болады. Жәбірленушілердің пікірі сұралады, – деді адвокат.
Сонымен бірге, мерзімінен бұрын босап шығуы үшін түзету мекемесі басшылығының да оң мінездемесі керек.
Пікірлер (0)