"Газет-журнал сатып, солтүстікке жеміс тасыды": Ләйлә Сұлтанқызы анасының қандай қиындық көргенін айтты
Танымал тележурналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы анасының көрген қиындықтарын айтып берді. Бұл туралы janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсер туған анасын “Дишинка” деп атайды. Жеке парақшасында жазба жариялап, анасының қандай жұмыс істегенін баяндап берді.“Әр қалтада бір бет орамал… Еее, біздің аналарымыз не істемеді, не көрмеді…?! Ала дорба арқалағандар, пістені стақандап сатқандар да солар, газет, хат тасып почтальон да болды, солтүстікке жеміс тасыды, нан пісіріп, базарға сатты. Бәрі бізді өсіріп, оқыту үшін… Зейнетке шығар кезде 8-9 ай шотына ағам екеуміз ақша салып, 57 жасында 42 000 теңгемен зейнетке шықты. Қазір 70 жасында 150 000 тг алады. "Бәріне жетеді, той-томалаққа барам, немерелеріме де берем, шүкір", – дейді. Бізді жеткіземіз деп тыным таппай еңбектенді. Сонда бір "шаршадық" дегендерін естіген жоқпыз ғой. Ал қазір бізде мүмкіндік көп. Ата-анамыздан көргеніміз бізге өмірлік сабақ болды. Ол кісілердің тәрбиесіне ешбір мектеп жетпес. Өзім де бір 25 жылдықта осыған жетіп қалармын. Әрқайсымызға әдемі қартаюды жазсын”, – деп жазды журналист.
Пікірлер (0)