Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми іске қосылды

Жаңалықтар
view 104
news

Илон Маск (сурет: Allison Robbert / Getty Images)

Бүгіннен бастап қазақстандықтар Starlink спутниктік интернетіне қосыла алады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Цифрлық даму министрлігі америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі компаниямен келісім жасап, қызметті ресми іске қосты. Маусым айында министрлік пен Starlink Қазақстан заңнамасын сақтау жөнінде келісімге қол қойған болатын.

Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, технология шалғай ауылдар, жайылымдық аймақтар және алыс өндіріс орындарын тұрақты интернетпен қамтамасыз етеді.

«Starlink шалғай елді мекендерге сапалы интернет ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар енді бұл қызметті ресми әрі заңды түрде пайдалана алады», – деді министр.

Бұған дейін Starlink Қазақстанда пилоттық жоба ретінде, негізінен ауыл мектептерінде сынақтан өткен. Енді жоғары жылдамдықтағы интернетке ел азаматтарының барлығы қол жеткізе алады.

Тарифтер мен қосылу шарттары SpaceX компаниясының starlink.com ресми сайтында жарияланған.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *