Қайырымдылық дауы: Блогер Ырысбала Икрамбай полиция тексерісінде
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанда қайырымдылықпен айналысатын блогерлерге қатысты тексерістер күшейді, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Перизат ісінен кейін бірнеше танымал блогердің қызметі құқық қорғау органдарының назарында. Солардың қатарында әлеуметтік желі арқылы халықтан қаржы жинап, тұрмысы төмен отбасыларға үй сыйлаумен танылған Ырысбала Икрамбай да бар. Қазір оның қайырымдылық науқандары мен жиналған қаржының жұмсалу тәртібі тексерілуде.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, пікір екіге бөлінді: бір бөлігі блогерді қолдаса, екінші бөлігі толық ашық есеп беруді талап етуде.
Ресми органдар әзірге тексеріс нәтижелері туралы ақпарат таратқан жоқ. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тексерістер қайырымдылық саласында ашықтық пен сенімділікті арттыруы мүмкін.
Пікірлер (0)