«Иманды болсын»: Көңіл айтудың ең сауатсыз түрі

Жаңалықтар
view 2330
news

Фотосурет muftyat.kz

Қоғам белсендісі Тоғайбай Нұрмұратұлы жаназада көңіл айту сөздерінің кейбір қате тұстары туралы жазба жариялады деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

«Иманды болсын», «Иманы саламат болсын» – деген бос сөз.

Соңғы 30 жылдың көлемінде қайтыс болған жанға — қазақы көңіл айтуды ұмытып, тотықұсқа ұқсап, өздері де не айтып жүргенін түсінбейтін «Иман» деген паразит сөз пайда болды.

Көңiл айтқанда қолданылатын сөздер: — Қазаның арты қайырлы болсын.

Бұл — артында қалған бала-шағасы, ағайын-туыстары, жақындары аман болсын — дегендi бiлдiредi.

Кейде қатты қайғырып есiнен танып жатқандарға басу айтады: — «Амал не, тас түскен жеріне ауыр. Тірі жан тіршілігін қылады, өлген артынан өлмек жоқ. Бекем бол. Денсаулығыңды ойла артында қалған бала-шағаға бас көз бол».

Марқұмды жерлегеннен кейін, көңіл айту сөзі: — «Топырағы торқа болсын. Жатқан жері жайлы болсын. Артында қалған ұрпақтарына ұзақ ғұмыр берсін. Аруағы риза болсын.

«Иманды болсын» — мүлдем қайғысына ортақтасып, көңіл айтқанды білдірмейді» деп жазды Тоғайбай Нұрмұратұлы.

Расында да, жаназада «иманды болсын» деп көңіл айтуға құлағымыз да үйреніп кетті. Ал сөздің мағынасын үңілсек, өлген кісінің ендігі жерде «иманды болуын» тілеу — қисынға келе ме?

Діни пайымға салсақ, пенде имандылық ұпайларын тірі кезінде жинап үлгеруге тиіс. Олай болса, өлген кісіге «иманды болсын» деу — сауатсыз көңіл айту үлгісі емес пе, сіз қалай ойлайсыз?

Пікірлер (7)

• Cesarkic

sochistroygroup.ru/ - идеи и вдохновение

• Cesarkic

строительство домов сочи - Строительство домов с ландшафтным дизайном

• Cesarkic

http://sochistroygroup.ru/ - современные постройки

• Cesarkic

https://www.sochistroygroup.ru/ - строительные технологии онлайн

• Cesarkic

европейское качество сочи - Европейская функциональность

• Horacelix

Plunge into the vast galaxy of EVE Online. Start your journey today. Conquer alongside hundreds of thousands of pilots worldwide. Free registration

• Horacelix

Embark into the stunning universe of EVE Online. Forge your empire today. Explore alongside thousands of players worldwide. Free registration

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *