Италиялық азамат өзіне операция жасаған мақаншылық дәрігерлерге алғыс айтты
Фотосурет: дереккөз
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты Мақаншы аудандық ауруханасында Италиядан келген шетелдік азаматқа жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетіліп, операция сәтті жасалды. Отадан кейінгі оңалту кезеңі де сәтті өтіп, пациент сауығып шықты, деп хабарлайды El.kz порталы.
Шетелдік азамат көрсетілген кәсіби және адамгершілік көмекке шынайы ризашылығын білдіріп, ақ халатты абзал жандарға жүрекжарды алғысын жеткізді.
Құдай маған өмірімді сақтап қалған адамдарға жол көрсетті. Сол үшін бас дәрігер Жәнібекке және хирург-дәрігер Дарханға, сондай-ақ осы керемет аурухананың барлық қызметкерлері мен медбикелеріне алғыс айтамын. Қазақстан маған өмір сыйлаған екінші Отаным болады, – деді ол.
Пікірлер (0)