Қадірлі жерлестер! Қымбатты қосшылықтар!

Жаңалықтар
view 52
news

Мемлекетіміздің маңызды мейрамы Республика күні құтты болсын. Ұлттық статусқа ие болып жұртшылыққа қайта оралған 25 қазанның тарихи маңызы зор. Тәуелсіздігіміздің нышаны болған ел егемендігі туралы декларация қабылданған күн шын мәнінде көңілге қуаныш сыйлап, Алаш жұрты шаттыққа кенелген мерейлі сәт болатын. Бұл күн - еркіндігіміздің, еңселі елдігіміздің, қастерлі тәуелсіздігіміздің мерекесі. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен бейбіт күнді көру, алаңсыз ғұмыр кешу бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиген бақ екенін түсінуіміз керек. Біз үшін азаттықтан, еркіндіктен қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан әрдайым Отанымыздың гүлденуі үшін аянбай еңбек етіп, ұрпағымыздың болашағы үшін іс қылуымыз қажет. Облысымыз дамып, қаламыз күннен күнге көркейе берсін. Баршаңызға баянды бақыт, бар жанұяға бақ-береке тілеймін. Халқымыздың ырысы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!

Қосшы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Матайбаева Сайра Әйтенқызы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *