Кәсіби спорт саласында оң өзгерістер бар - Тоқаев
Жолдау
46
Фотосурет: ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізде спорт саласын дамытуға баса мән беріліп жатқанын айтты.

Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға баса мән беремін. Аймақтарда спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастады. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған спорт клубтары ашылып жатыр. Сондай-ақ кәсіби спорт саласында оң өзгерістер бар, - деді мемлекет басшысы.
Пікірлер (0)