Қазақстанда енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

Жаңалықтар
view 72
news

Енді ерлі-зайыптылардың нотариалды келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады. 25 қыркүйектен бастап бұл қызмет eGov Mobile платформасында қолжетімді, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, бұл нотариалды келісім алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

"Азаматтар нотариусқа бармай-ақ қажетті келісімді тез әрі ыңғайлы түрде ала алады. Бұл процесс биометриялық сәйкестендірудің озық технологияларын пайдалана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді", – деді ол.

Оның сөзінше, онлайн форматтың артықшылығы – уақыт пен нотариусқа баруға кететін шығындарды үнемдеу, сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта алу мүмкіндігі тумақ.   Қызметті алу үшін:
  • eGov Mobile платформасына кіру;
  • өтініш формасын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
  • бейнеқоңырау арқылы келісімді рәсімдеу;
  • нотариус қызметіне ақы төлеу;
Нәтижесінде құжат "Цифрлық құжаттар" қызметінде қолжетімді болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *