Қазақстанда халық саны қанша?

Жаңалықтар
view 46
news

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын адамдар саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды JanaBastau.kz Egemen.kz  тілшісіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан халқының саны 19 миллион 899 мың 377 адамды құраған.

Елімізде 12,3 миллион адам қалада, 7,5 миллион адам ауылдық мекендерде тұрады.

Жыл басынан бері халық саны 132 мың адамға өсті, оның 125 мыңы – табиғи өсім есебінен (туылғандар саны өлгендер санынан асып түсті), 6,6 мың адам – көші-қонның оң сальдосы.

Өңірлер арасында ең көп халық саны Алматы қаласында – 2 191 314 адам. Халық саны бойынша Түркістан облысы одан кейінгі орында – 2 133 559 адам, Алматы облысы 1 518 282 адаммен алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 383 291 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 222 257 адам.

Айта кетейік, Қазақстан халқы 2022 жылы 261 845 адамға өсті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *