Қазақстанда жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды

Жаңалықтар
view 52
news

Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірлерде 1500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды, деп хабарлайды janabastau.kz.

Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу үшін кезекте тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді департамент директоры Манар Адамова.

Жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орын жеткізу жоспарда бар дейді. Айта кетейік елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *