«Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Жаңалықтар
view 77
news

Құрметті Қосшы қаласының және Тайтөбе ауылының тұрғындары мен қонақтары! ✅️2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында Ақмола облысының аумағында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. ✅️Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдардың көктем кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі. ✅️Оқу-жаттығу басшылығының облыстық штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47А, «Аршалы ауданы Жастар-ресурстық орталығы» КММ ғимараты. ✅️Қалалық штаб басшылығы Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46 мекенжайында орналасады. Байланыс нөмірлері: 87761706835. ✅️Осыған байланысты, құрметті азаматтар тыныштықты сақтауды, дүрбелеңге түспеуді сұраймыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *