Көктем асығар емес: еліміздің барлық облысында дауылды ескерту жарияланды

Жаңалықтар
view 101
news

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 2 наурызында күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды janabastau.kz.

Көктемнің екінші күні Қызылорда облысының солтүстігінде түнде қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

Қызылордада 2 наурызда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, түнде облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Таразда 2 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Қонаевта түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.              

Бүгін түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 

2 наурызда күннің екінші жартысында Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте күннің соңында жаңбыр күтіледі. Түнде тұман.

Түркістанда күннің екінші жартысында жаңбыр күтіледі. Түнде тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі.                

Қостанайда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астанада 2 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Өскеменде  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман  күтіледі.

Қарағандыда 2 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Бүгін таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз күтіледі. 

Ақтауда   2 наурызда қар, көктайғақ, күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

Атырауда  кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Оралда 2 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *