Қосшы көктемгі су тасқынына дайын ба?
Жаңалықтар
252
Сонымен бірге тұрғындар санының күрт өсуіне байланысты қалада электр энергиясының тапшылығы да сезіледі.
27 ақпан күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің жетекшілігімен кезекті отырыс өтті. Мұнда баяндама жасаған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бас маманының міндетін атқарушы Сағындық Шорманов электр желілеріндегі ақауларды жою туралы мәлім етті. Ал ТЖБ бастығы Шахмардан Әзірбаев көктемгі су тасқынына қарсы жасалып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 27.07.2021 жылы Қосшы елді мекеніне қала мәртебесі берілді. Бұл Астана маңындағы ауыл тұрмысын жақсартуға бағытталған өзекті мәселе болды. Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін ең алдымен байланысты коммуналдық нысандарының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеп тұруы, оның ішінде электр қуатының жеткілікті болуы маңызды. Алайда, қалаға қоныстанушылардың қатары күрт өсуіне байланысты қазіргі уақытта энергетика саласында апатты жағдайлар жиі орын алуда. Ол тұрғындардың наразылығын тудыратыны сөзсіз. Мұндағы басты себеп – электрмен жабдықтау торабының 90% мемлекеттік органдардың құзырына қарайтындығымен және оның жартысына жуығына 215 КТПның ВЛ-10 кВ және 0,4 кВ желісі арқылы қызмет көрсетілмейтіндігімен түсіндіріледі. Бұл жерде «АРЭК» АҚ-да тек 22 КТП ғана бар екенін айта кеткен жөн. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бас маманының міндетін атқарушы Сағындық Шормановтың айтуынша, Қосшы қаласы әкімдігінің балансына Ақмола облысы Целиноград ауданынан келесідей нысандар берілген: – «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында электрмен жабдықтау ішкі желісінің құрылысы (1-қосу кешені)». 2010 жылы салынған. ВЛ-0,4 кВ – 61 590 м., ВЛ-10 кВ – 29 260 м, КТП 10/0,4 кВ – 44 бірлік., РП-1 бірлік. Тұтынушылар саны – 2 856 абонент; – «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында электрмен жабдықтау ішкі желісінің құрылысы (2-қосу кешені)», ВЛ-0,4 кВ – 194 110 м., ВЛ-10 кВ – 59 510 м, КТП 10/0,4 – 98 бірлік, РП-3 бірлік. Тұтынушылар саны – 2 567 абонент. «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ балансында;
– «Лесная Поляна» ТК электрмен жабдықтау сыртқы желісі» (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 кезек). 2010-2012 жылдары салынған. КЛ-10 кВ – 12 200 м, КТП10/0,4 – 13
РТП - 3 бірлік. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді;
– «Северная»10 кВ от ПС 110/10 кВ электрмен жабдықтау кабель желісінен «Лесная Поляна» 1, 2, 3 тұрғын алабына дейін». «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді;
– «Қосшы с. 45 пәтерлі тұрғын үйі (позиция 1, 2, 3, 4), КТП № 138». «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді;
- «Қосшы с. 36 пәтерлі тұрғын үйі». ВЛ-10 кВ – 200 м, КЛ-10 кВ – 50 м. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді;
– «Қосшы с. 48 пәтерлі тұрғын үйі, КТП-10/0,4 кВ – 1 бірлік». «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді;
– «Қосшы с. «Академия» КТК электрмен жабдықтау сыртқы инженерлік желісі». КЛ-10 кВ – 874 м, КТП-10/0,4 кВ – 1 бірлік. «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ балансында, қызмет көрсетілмейді.
Барлығы: ВЛ-10 кВ – 90 км, КЛ-10 кВ – 35 км, ВЛ-0,4 кВ – 260 км, КТП215 бірлік. Сонымен бірге АРЭК-тің балансында 22 КТП және 15 жекеменшік КТП бар.
– Бүгінге дейін электрмен жабдықтау желісінің көпшілік бөлігіне техникалық қызмет көрсетілмейді. Қаланың энергожүйесінде апаттың жиі болуының бір себебі де осы. Электрмен үздіксіз жабдықтау проблемасын шешу үшін ТКШ бөлімі Қосшы қала мәртебесін алғалы бері бірқатар ауқымды жұмыстарды атқарды,– деді Сағындық Мыңжасарұлы. 2022 жылы «Лесная Поляна» ТК электрмен жабдықтау сыртқы желісі» (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 кезек) нысандарының ақауларын жою бойынша шамамен 27 млн тг жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында электрмен жабдықтау ішкі желісінің құрылысы, (1-қосу кешені)» нысандарына техникалық зерттеу жасалған. 9 млн тг ағымдық жөндеу істелді. «Орда Құрылыс А» ЖШС-на қарайтын «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылында электрмен жабдықтау ішкі желісінің құрылысы, (2-қосу кешені)» нысандары бойынша мердігер «СК Базис» ЖШС жұмысты аяқтамады, сондықтан нысанды пайдалануға беру актісі рәсімделмеді. «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ балансында.
Бұл жұмыстар 2023 жылы да жалғасты, конкурс жеңімпазы «GEO STAR» ЖШС-мен бірге 44 КТП және 1 РП, сондай-ақ КТП ЖК «Нұрай», «Табыс Құрылтай», «Академия» және Тайтөбе с. КТП-85 ЛЭП 10/0,4 кВ құқық беретін құжаттары рәсімделіп, қазіргі күні ол «Акмолинская-РЭК» АҚ балансына беру процесінде.
Одан бөлек, 2023 жылдың 1 тамызынан бастап «КИПЭСТ-К» ЖШС балансындағы электр желісіндегі жоғалған қуат үшін 2 000 теңге төлеу мәселесі шешілді, желі «Орда Құрылыс А» ЖШС-на сатып алу құқынсыз сенімді басқаруға берілді. Былтыр «Орда Құрылыс А» ЖШС өзі қызмет көрсететін нысандарды электрмен жабдықтауға жөндеу жүргізу үшін жалпы құны 56,1 млн теңге болатын сметалық құжат әзірледі. Алайда, қаланың барлық электр торабын қалпына келтіру үшін шамамен 250,0 млн теңге қажет. Былтыр 56,1 және 67,0 млн теңге бюджеттік ұсыным жолданды. «Орда Құрылыс А» ЖШС былтыр өз күшімен жалпы құны 17,8 млн теңгенің аппаттық-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізген.
– Желі тартылмаған учаскелерді электрмен жабдықтау үшін «Redline Pro»ЖШС «Қосшы қаласында электрмен жабдықтау желісін салу(4-кезек)» жобасы әзірленді. Тапсырыс беруші – «Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» ММ. Жоба «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» ММ арқылы жүзеге асырылатын болады, – деді С. Шорманов. Сағындық Шормановтың айтуынша, тұрғындар санының күрт өсуіне байланысты және инвесторлар үшін үй құрылысы секторының тартымдылығына, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың көптеп салынуына байланысты электрмен жабдықтау көздерінің қуатын арттыру қажет. Бүгінде қаланы электрмен жабдықтап тұрған негізгі қайнаркөз – қуаттылығы 40 МВА «Северная» ПС 110/10 кВ және қуаттылығы 16 МВА «Целиноградская» ПС 35/10 кВ. Техникалық шартқа сүйенсек, олардың қуаттылығы жетпейді. Сәйкесінше, қаланың оңтүстік бөлігіндегі «Достық» ПС 220/110/10 кВ-нан қуаттылығы 40 МВА болатын жаңа ПС 110/10 кВ салу мұқтаждығы туындап отыр. Алайда Астана әкімдігі оның техникалық шартын беруден бас тартқан.
2024 жыл басынан «АРЭК» АҚ-ға пайдаланудағы электр желілерін СИП 10 кВ типтегі жаңа материалдарды қолдана отырып және КТП 10/0,4 кВ қуатын 250 кВА-дан 400 кВА-ға дейін және 400 кВА-дан 630 кВА-ға дейін ұлғайту туралы хат жолданды.
Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе – көктемгі су тасқынына қарсы жасалып жатқан шаралар туралы баяндама жасаған ТЖБ бастығы Шахмардан Әзірбаев жыл сайын Қосшы қаласының аумағында жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін су басу қаупі туындайтындығын айтады. Қала орташа тәуекел дәрежесіне жатады.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – төтенше жағдайлар қаупі туындауы мүмкін кезде халықты орталықтандырылған автоматтандырылған жүйе арқылы хабарландыру болып табылады. Әйтсе де хабарлау жүйесінің жетіспеушілігі халықты эвакуациялау мәселесіне кері әсерін тигізетінін айта кету қажет, себебі ауқымды төтенше жағдай кезінде халыққа уақытылы хабарланбай қалады, – дейді Шахмардан Мұратұлы. Оның айтуынша, Үкіметтің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 649 қаулысымен бекітілген Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарына сәйкес, Қосшы қаласында халықты хабардар ету жүйесін құру көзделген. Осыған байланысты, қазіргі уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаменті Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 15,5 млн теңге сомасына өтінім берілді. Осы сома мақұлданған жағдайда бір қалалық басқару пульті мен бір сөйлеу құрылғысын сатып алу жоспарланған. Әрі қарай, 2025 жылы 2-3 сөйлеу құрылғыларын кезең-кезеңімен сатып көзделген. Алдын ала есептеулерге сәйкес, қала аумағына 8-10 бірлік көлемінде сандық форматтағы сөйлеу құрылғыларын орнату қажет.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай іс-шараларына 2023 жылы жергілікті бюджеттен 48,4 млн теңге (шұғыл шығындарға – 10,4 млн теңге, төтенше резервке – 12 млн теңге, алдын алуға және жоюға – 8 млн теңге, дала және орман өрттерін сөндіруге – 18 млн теңге) бөлінді. Өткен жылы шамамен 6 млн теңге сомаға су тасқынының салдарын жою үшін 8 мотопомпалар, 10 000 дана қап, қайық, ұзындығы 800 метр құрайтын мотопомпаларға арналған жең, жанар-жағармай материалдары(бензин – 1 500 л., дизель отыны – 500 л.), 60 дана күрек,ұшқышсыз ұшу аппараты сатып алынды.
2024 жылы шамамен 84,9 млн теңге бөлінеді (шұғыл шығындарға арналған резерв – 20 млн теңге, төтенше резервке – 19,7 млн теңге, ТЖ алдын алуға және жоюға – 20,2 млн теңге, дала және орман өрттерін сөндіруге – 25 млн теңге).
63 адам және 35 бірлік техниканы құрайтын қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары құрылды (тиегіш – 8 бірлік, ассенизатор – 5 бірлік, МТЗ базасындағы трактор – 5 бірлік, самосвал – 8 бірлік, экскаватор – 1 бірлік, манипулятор – 1 бірлік, автогрейдер – 1 бірлік, трал – 1 бірлік, бар машинасы – 1 бірлік, автобус – 3 бірлік, жануарларды тасымалдауға арналған техника – 1 бірлік).
– Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Александрит-ИВ» ЖШС 600 тонна қайталама егіс және 300 тонна қиыршық тас беру, «РАХАТ» жеке кәсіпкермен ауыр техниканы тасымалдау үшін тралды және траншеяларды төсеу үшін аспалы «бар» техникасын беру туралы меморандум жасалды. Уақытша тосқауылдарды орналастыру үшін 270 тонна инертті материал бар,– деді ТЖБ басшысы.
Сондай-ақ 2024 жылғы 12 қаңтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қала әкімі Гайдар Қасенов лауазымды тұлғаларға жанар-жағармай материалдарын сатып алу немесе меморандум жасасу жолымен инертті материалдардың көлемін қосымша 5 тоннаға дейін ұлғайту туралы тапсырма бергендігін айтып өту қажет. Мұнда мотопомпаларға арналған жең, 20000 дана қапшық, 5 дана мотопомпаны сатып алуға, сондай-ақ «шұғыл жұмыстарға арналған резерв» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемін ұлғайтуға айтылды. Қала аумағында 2 қауіпті учаске бар:су қабылдау станциясының ауданы және Тайтөбе ауылындағы 3 шағын аудан. 2022 жылы «Лесная поляна» шағын ауданында еріген су жиналуын бұру үшін нөсерлі кәріз құрылғысы салынды, осылайша қауіп жойылды.
Аумақты Нұра өзенінің тасқын суларынан қорғау мақсатында 2015 жылы станция учаскесінде шаруашылық тәсілмен қорғаныш жер білігі тұрғызылған. Бұл ғимарат жобалау-сметалық құжаттамасыз, тиісті есептеулерсіз салынды. Қазіргі уақытта бұл нысан иесіз және қаланы су тасқынынан қорғайтын негізгі құрылыс болса да, оның қандай техникалық күйде екенін ешкім білмейді.Осындай жағдаймен Тайтөбе ауылында да, ауылдың шетінде 2019 жылы ұзындығы 700 метр қорғаныш жер білігі тұрғызылды. 2023 жылы бюджеттен қаражат бөлінбестен тағы да өз күшімен бұл үйін 500 метрге ұзартылды
– Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлей отырып, қорғаныс бөгеттерінің күрделі құрылысын қарастыру қажеттілігі туындайды. Былтыр су тасқыны кезінде қала аумағын су басу қаупінің алдын алуда қарды уақтылы шығару үлкен рөл атқарды. Қала аумағынан қар шығару қарқынды жүргізілуде, әйтсе де бұл жұмыстар Тайтөбе ауылында өте бәсең, – деді Шахмардан Әзірбаев
Бұдан басқа, халық арасында су тасқыны кезінде қабылданып жатқан шаралар көрсетілген парақшалар мен жадынамалар таратумен үгіт - профилактикалық жұмыс жүргізілетін болады. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Мұнда су өткізгіш құрылыстардан үлкен көлемдегі тасқын және еріген суды апатсыз өткізуге дайындау, көшелер мен аумақтардан қар шығару жұмыстарын үдету, қаптарды, инертті материалдарды және басқа да қажетті құралдарды дайындау шаралары қарастырылған.
Бетті дайындаған Дәулет АСАУ,
фотоны түсірген қала әкімінің кеңесшісі
баспасөз хатшысы Ардақ ЗҰЛҚАЖАПҚЫЗЫ
Пікірлер (0)