Қазақ қызы Қытайдың мемлекеттік әдеби сыйлығын иеленді
Фото: ts.cn/xwzx/whxw
Қытайдың Үрімжі қаласында тұратын қазақ жазушысы Анар Зинуарбекқызы Бин Синь атындағы мемлекеттік әдеби сыйлықтың лауреаты атанды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ порталы Тяньшань басылымына сілтеме жасап.
Жазушы бұл марапатқа өзінің «600 шақырым: сапар жолында» атты алғашқы эссе жинағы үшін «Ең үздік эссе жинағы» номинациясында ие болды.
Анардың эсселерінде туған жерге деген сағыныш, туыстық байланыс, дала көрінісі, қазақтың ұлттық тағамдары мен қала өмірінің бояуы көрініс табады.
Белгілі қытай жазушысы әрі сыншысы Лю Лянчэн оның шығармалары жақсы бағалады.
Ашық деректерге сүйенсек, Анар Зинуарбекқызы Іле қазақ автономиялық облысының Күнес ауданында дүниеге келген. Ол көркем шығармашылықпен 2014 жылдан бері айналысып келеді. Туындылары Батыс, Ұлттар әдебиеті сияқты беделді басылымдарда жарық көрген.
Мао Дунь мен Лу Синь атындағы сыйлықтармен қатар аталатын Бин Синь әдеби сыйлығы — Қытайдың ең беделді әдеби марапаттарының бірі. Бұл сыйлық 2002 жылдан бері әр екі жыл сайын табысталып келеді. Биыл байқауға 2023–2024 жылдары жарық көрген 339 жинақ қатысқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма»: «Күлпәш» келін» Қабатовты қолдап жазба жариялады
«Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді
«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады
Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Тоқалдықты заңдастыру қажет – Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)
Пікірлер (0)