Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 155
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Продюсер Мөлдір Мұқанова Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін алғаш рет мәлімдеді.

24-қабаттан құлай жаздым. Кетіп бара жаттым. Тұрсынбектің өзі тоқтатты. Ұстап қалды. Ол да бір таңғы уақыт. Өте бір қиын уақыт болды. Шетелге де екеуі барып келген екен. Ол кезде менің де Дубайды көрмеген кезім. Сөйтіп жаңағы жерде Дубайдан видеолар көрсетіп жатты. Жұмыспен кеткен еді ғой. Түннің кезінде бәріміз дастарқан жайып, шығарып салдық. Бірінші рет шетелге шығайын деп жатқан кезі. Тойға тапсырыспен бара жатты. Біз мәзбіз. Құдды бір сарбазды шығарып салғандай болдық. «Дубайға бара жатсың ғой, мен де барайыншы» деп айтпадым. Дубайдан келгеннен кейін сол жақта көлікпен жүрген видеоларын көрсетеді. Видеоны көрсетіп жатқанда, қасында бір адам тұрады ғой. «Қане, тұра тұршы» деп видеоны жылжытып қаламын, сол кезде ол да шошып кетеді. Мен терезеге қарай жүгірдім. Оған дейін естіп жүрген әңгімелерім де бар, мен өзімді ұстай алмай қалдым, - дейді Мөлдір Мұқанова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *