Ресей Украинаға рекордтық мөлшердегі зымыран шабуылын жасады
Фотосурет: РИА Новости/Илья Питалев
Қазан айында Ресей Украина аумағына рекордтық мөлшерде зымыран шабуылдарын жасады. Бұл жолы барлығы 269 зымыран ұшырылған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Украина Әуе күштерінің мәліметтеріне сілтеме жасаған UA War Infographics басылымының хабарлауынша, украин әуе қорғанысы жүйесі олардың 120-сын атып түсіре алған. Бұл – 2025 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Жалпы, биылғы қаңтар мен қазан айлары аралығында Ресей Украинаға барлығы 1 561 зымыран атқан. Оның 877-сі жойылған немесе радиоэлектрондық соғыс құралдары арқылы залалсыздандырылған. Осылайша, зымырандарды атып түсіру деңгейі шамамен 56%-ды қамтып отыр.
Салыстырмалы түрде алғанда, биылғы маусым айында Ресей 238 зымыран ұшырған десек, олардың 176-сын украин әскері атып түсірген немесе залалсыздандырған.
UA War Infographics атап өткендей, зымыран шабуылдарының қарқындылығы 2 ай қатарынан өсіп келеді. Бұл соғыстың жаңа кезеңіне өтуі немесе эскалацияның күшеюі мүмкін екенін көрсетеді.
Пікірлер (0)