«Пәтер, көлік, қымбат шуба, бриллиант алып берген»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді

Жаңалықтар
view 157
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі, кейінгі кезде әншілікпен айналысып, кино түсіріп жүрген Мөлдір Мұқанова әзілкешпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

«Біздің заңды некеміз бұзылды. Екеуіміз екі жаққа кеттік, өкінішке қарай. Бұл жағдайдың басталғанына он төрт жыл болды. он төрт жыл үндемей келдім. Он төрт жыл шығармадым. Он төрт жыл үндемей келдім. Үміт. Тек қана үміт. Түрлі ой болды. Бес балам жылағанша бір өзім жылайыншы дедім. Толыққанды отбасы болып қалайықшы деген оймен жүрдім. Әрине, үндемей жүрген жоқпын. Тырыстым, менде бір ең өкініштісі – себебін түсінбеймін. Мен мінсізбін деп тұрғаным жоқ. Өзімді мақтаудан аулақпын. Бірақ Тұрсынбектің өз аузынан естігім келді. «Менің тарапымнан қандай кемшілік кетті?» деп. «Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деп айтады ғой. Біз де ыдыс-аяқ сылдырлаған да жоқ. Айқай-шу да болмады. Бала-шағаның алдында ешқашан дауыс көтерген емеспін. Балаларыма еш ұрыспаймын. Тыныш сөйлесеміз. «Сөйлесейікші» деп жалынатынмын. Сөйлеспейді. Шығып кетеді. Үндемей шығып кетеді. Сол кеткеннен мол кетеді. Екі күннен соң тағы сөйлесейік деймін. Тағы шығып кетеді. Он төрт жыл осылай болды», – дейді ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, отбасына сызат түсірген кез он төрт жыл бұрын басталған.

«Бұл әңгіменің басы, сыбыс әлеуметтік желі арқылы маған жетті. Посттың астына жазады. Ол күн есімнен кетпейді. Түнгі сағат төрттің уақытында мазам кетеді. Қайта-қайта ояна беремін. Телефонға қараймын. Бала емізіп жүрген уақытым. Нұриман дүниеге келген уақыт. Бала ұйықтап жатыр, неге ояна беремін, білмеймін. Мазам қатты кетіп жатыр. Сөйтіп телефонды алып, қарап қалсам, «Сіз күйеуіңіздің жүрісі туралы естідіңіз бе? Оның қазір көңілдесі бар. Айдаладағы бір адам жазып жатыр. Парақшасы жабық. «Оған біршама қымбат, құнды сыйлық алып берген. Пәтер, көлік алып берген. Қымбат шуба, бриллиант, барлығы қазір соның үстінде» деп жазды. Бала емізіп жатсың, әлсізсің. Өз-өзіңе келмеген уақытың. Әдетте, бала дүниеге әкелген уақытта ана немесе ене, үйдің үлкендері қасымда болып, ыстық сорпа беріп, терлетіп, қолдап, баланы бағысып жатады ғой. Өкінішке қарай, менде ондай болған жоқ. Өзім шаршап тұрмын. Түрлі ой мазалап жатыр. Ол күні гастрольде Алматыда болды. Жаңағы комментарийді өшірдім. Тұрсынбек келе салысымен бетіне атылған жоқпын. Өтірік болар деп ойладым. Сол уақытта өтірік болар деп алдағаным, «Бұл – өтірік, Тұрсынбек мұндай жағдайға баруы мүмкін емес» деген ойым он төрт жылға созылып кетіпті. Мен өзгені ғана емес, өзгені алдап келген екенмін. Уақыт өте келе кейін айттым, ақпарат келе береді. «Сен бұл әңгімені кімнен естідің?» деп сұрақ қойды. «Бұл – өтірік» деп мойындамады. Кейін ақпарат келе бастаған соң қоямын дейді. «Иә, осындай болды. Өзімді еркіндікке жіберген болармын. Қателік жасадым, қойдым, болды» деп жауап берді. Мен сендім. «Кім жүрмей жатыр» деп ойлайсың ғой. Ол уақытта, күні кешеге дейін ажырасамын деп ойламадым. Ондай шешімге дайын болмадым. Сол кездегі жанымның ауырғаны, сыздағаны әлі кеппеген. Сыздау үстінде. Тұрсынбекті жақсы көргенім болар. Қатты жақсы көрдім», – дейді М.Мұқанова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *