«Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады
Фото: ашық дереккөз
Белгілі журналист Қымбат Әбілдәқызы Мөлдір Мұқановаға қолдау білдіріп, Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Мөлдірдің көз жасы күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзды»
Ол бұл жағдайға бейжай қарай алмағанын айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма»: «Күлпәш» келін» Қабатовты қолдап жазба жариялады
«Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді
«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)
Бүкіл жұртты дүрліктірген Мөлдірдің көз жасы - күндіз күлкімізді, түнде ұйқымызды бұзып бітті. Бейжай қала алмай, мен де шер тарқаттым… - деді Қымбат Әбілдақызы.
«Сіз тірісіз ғой!»
Сондай-ақ журналист Тұрсынбектің анасына қайырылып, ұлына неге басу айтпағанын сұрады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Мөлдірдің анасы он үш жасында қайтыс болған. Кішкентай кезінен отбасыны сақтап қалудағы үлгісін бойына сіңіріп кеткені байқалады. Ал Тұрсынбектің анасы, сіз тірісіз ғой! "Балам, сен адассаң да мен адаспаймын. Ол сенің қолыңа қонған ақ құсың, енді жапырағың жайқалып бәйтерекке айналар шағыңда, мені бұны көтере алмаймын" деп неге өзіңіз басу айтпайсыз? Анасының сөзін тыңдамайтын ұл бала жоқ. Ананың сөзін ұлдар ерекше құрметтейді, - деді журналист.
Пікірлер (0)