«Ешкім ақымақ емес!»: Журналист Мөлдір Мұқанова сұхбатта өзінің фильмін жарнамалағанын айтты
Фото: ашық дереккөз
Журналист Гүлбану Әниятқызы Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Жамандамаймын» деп қойып жамандайды»
Оның жазуынша, Мұқанованың бұл сұхбатының бір сағатқа жуығы фильмін мақтауға, жарнамалауға кеткен.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма»: «Күлпәш» келін» Қабатовты қолдап жазба жариялады
«Ешқашан блокқа қойған емеспін»: Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйеліне жауап берді
«Сатқындықты өз қолыммен...»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жылап отырып сұхбат берген (ВИДЕО)
Уақытымды қиып, көрдім сұхбатты. Осы фб-да неше түрлі қырт посттарды оқып отырамыз ғой.
Мөлдір сұхбаттың басынан-ақ «Тұрсынбектің изменасы 14 жыл бұрын басталған» деп жылайды. «Жамандамаймын» деп қойып жамандайды. Екі сағат әңгімеден кейін мен де Жанарға қосылып, «ой, Алла, Тұрсынбек қандай оңбаған» деп отырдым.
Қызықтың көкесі сұхбаттың үшінші сағатында болды. Екі сағат жылаған Мөлдіріміз «Шәй в большом городе» деген киносын айта бастағаннан жадырай кетеді. Сұхбаттың бір сағатқа жуығы осы фильмін мақтауға, жарнамалауға кетеді. Сол кезде мен де «еее» дедім. Ешкім ақымақ емес қой, сұхбат киноның жарнамасы үшін берілгені ап-анық екенін түсіндім. Прогрев деуші ме еді мұндайды, - дейді ол.
«Тұрсынбекті жамандағысы келмеген»
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Неге басу айтпайсыз?»: Журналист Тұрсынбек Қабатовтың анасына жазба арнады
Қабатовтың әйелі оны көңілдесімен ұстап алған күні 24-қабаттан секірмек болған (ВИДЕО)
Журналистің пікірінше, 14 жыл сақтаған жан сырын психологтың алдына барып айтып, жылап шығар еді.
Тұрсынбекті шынымен жамандағысы келмеген, балаларының намысын ойлаған әйел парақшасына жәй ғана «ажырастық, Тұрсынбек басқа әйелге кетті» деп пост жазады.
(«Сұхбатқа елдің сұрағына жауап беруге келдім» дейді өзі. Аңдып отырған сайттар мен пабликтер өздері-ақ бүкіл Қазақстанға таратып берер еді.
Ал 14 жыл ішіне сақтаған жан сырын мен күйігін бүкіл елге емес, психологтың алдына барып айтып, жылап шығарар еді (Сұхбатта психологқа бармағанын да айтып қалды).
Әртіспісің деген. Талауға рұқсат, — деп жазды ол.
Пікірлер (0)