Күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
Жаңалықтар
98
«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Мамандардың болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысында аяз әлсірейді.
Арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұр. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Таулы аймақтарда қалың қар жауады, сонымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады, - делінген хабарламада.
Пікірлер (0)