Күтімді қажет ететін қарттардың 32 млн теңге зейнетақысы жымқырылған

Жаңалықтар
view 39
news

Ұлытаудағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының" ҚММ бұрынғы директоры зейнетақы мен жәрдемақы ұрлағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, деп хабарлайды janabastau.kz. ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаменті 29 еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың (бірінші және екінші топтағы мүгедектер) 32 млн теңге көлеміндегі зейнетақылары мен жәрдемақыларын жымқыру фактісін тергеді. Сонымен қатар ол 2019 жылғы қаңтардан 2023 жылғы ақпанға дейін қызметтік бабын пайдалана отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлерінің лауазымды жалған біріктіру туралы бұйрықтар шығарып, оларға 12 млн теңге көлемінде заңсыз ақша аударған, - делінген ведомство хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта әлеуметтік мекеменің экс-басшысы кінәсін мойындап, мемлекетке және қарттарға 44 млн теңгеден астам шығынды толығымен өтеген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және ведомстволарда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *