
2023 жылдың 23-24 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығу басшылығының штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Шортанды ауданы, Шортанды к., Абылай хан к-сі, 26А, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» КММ ғимараты.
Байланыс телефоны: 8 (716-31) 3-51-60, 8 (7162) 33-29-76. Қалалық штаб басшылығы Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46 мекенжайында орналасады. Байланыс нөмірлері: 87172 607888, 87761706835, 87005421994.
Пікірлер (0)