«Мас күйінде келіп, виски талап етті»: Төреғали Төреәлі даудың ортасында қалды

Жаңалықтар
view 112
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Атышулы танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасылық мерейтойда өнер көрсетемін деп тағы да даудың ортасында қалды, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Желі қолданушысы Сымбат Мақұлованың айтуынша, әкесінің мерейтойына арнайы шақыртылған әнші отбасылық дастарханның сәнін кетірген.

«Әкеміздің 55 жасқа толған мерейтойына Төреғали Төреәлінің өнер көрсетуі сыйға тартылды.

Мереке көңілді өтеді деп едік… Бірақ ол мас күйінде, аузынан арақтың иісі мүңкіп, залдың жартысына дейін жетіп тұрды. Ұйымдастырушылардан 32 мың теңге тұратын вискиді төлеп беруді талап етті. Бұл 50 мл-ден 8 шот, яғни 400 мл деген сөз.

Егер дәл қазір сахнаға шықпаса, кетіп қалатынын айтып айғайлады.

Әртіс ретінде де, адам ретінде де қатты көңіліміз қалды. Әнді фонограммамен айтып шықты», - деп жазды Сымбат Макулова.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *