Мерей Жолшының әйелі күйеуінің қыздарға жазған хатын жариялады
Фото: https://www.instagram.com/jainash_wmn
Танымал блогер Мерей Жолшы бейтаныс қыздарға хат жазған, деп хабарлайды janabastau.kz Qazaq Today порталына сілтеп.
Желі жұлдызының әйелі Гүлжайнаш Жолшы күйеуінің бейтаныс қыздармен сөйлескен хаттарын жариялады. Блогер әйеліне Шымкентке кететінін айтқан.
“Сапарға кеттім деген күйеуімнің тірлігі. Әйелге қолдау білдіріп, хатты жіберген қызға рақмет. Үш баласының жетім қалуынан қорықпайды. Бірақ жарнамасынан қорқады. Одан кейін өзімді кінәлі қылады. Біліп қойғаным үшін кінәлімін”, – деп жазды блогер ана.
Блогердің әйелі күйеуінің қыздармен жазысқан хаттарын қаз-қалпында көрсетті.
“Бүгін уақыт бөл. Өзің кеткің келмей қалады. Жүріп қайтайық. Жастық шақты еске алып”, – деп жазған блогер.
Пікірлер (0)