Мектеп директорының кабинетіне тұз сепкен ырымшыл мұғалім сотталды

Жаңалықтар
view 118
news

Фотосурет: pokupkalux.ru

Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізіне және директордың кабинетінің алдына тұз шашып, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасауды жөн көргенін айтқан. Сот отырысында У. жасаған ісіне өкініш білдіріп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады, – деп хабарлады Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен У. ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *