Елімізде соңғы 9 айда 139 бала суицид жасаған
Фотосурет: stylishbag.ru
Елімізде тоғыз айдың ішінде 139 кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тоғыз айда кәмелетке толмағандар арасында 432 суицид тіркелді. Оның 139-ы – өліммен аяқталған, ал 293-і – өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену жағдайы, – деді ІІМ өкілі ведомство ғимаратында өткен кездесуде.
Оның айтуынша, ІІМ жасөспірімдер арасындағы суицид себептерін талдап, негізгі себеп отбасындағы жанжал екенін анықтаған. Айта кетерлігі, өз-өзіне қол жұмсаған балалардың 62%-ы толық, материалдық жағдайы жақсы отбасылардан шыққан.

Біз анықтаған бірнеше себеп бар: махаббаттың жетіспеуі, сондай-ақ ата-ананың баласына ұялы телефонды ұзақ уақыт пайдалануға тыйым салуы секілді жағдайлар. Жалпы алғанда, өкінішке қарай, суицид фактілерінің аздап өскенін байқап отырмыз, – деді министрдің орынбасары.
Сол себепті ІІМ бұл мәселеге байланысты Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс енгізіп, қоғамдық қауіпсіздік тұжырымдамасы аясында балалар суицидінің алдын алу мәселелерін басым бағыт ретінде қарастыруды сұраған.
Пікірлер (0)