Наразылық: Мадагаскар президенті елінен қашып кетті
Фото: Omar Zoheiry / dpa / Global Look Press
Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина Африкадан қашып кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Reuters сайты жазды.
Парламенттегі оппозиция жетекшісі Ситени Рандрианасолониаико жексенбі күні армия бөлімшелері наразылық білдірушілерге қосылғаннан кейін Андри Радзуэлина Мадагаскардан қашып кеткенін айтты.

Біз президент кеңсесіне телефон соқтық, олар оның елден кеткенін растады, – деді ол.
Президент кеңсесі түсініктеме беру туралы өтініштерге жауап бермеді.
Дүйсенбі кешке Facebook желісінде тараған үндеуінде Радзуэлина өз өмірін қорғау үшін көшуге мәжбүр болғанын айтты. Ол өзінің орналасқан жерін жарияламады, бірақ "Мадагаскардың жойылуына жол бермейтінін" мәлімдеді. Ол отставкаға кетуден бас тартқан.
Ол Францияның бұрынғы колониясы Мадагаскардан француз әскери ұшағымен кеткен. Француз радиосы RFI оның президент Эммануэль Макронмен келісімге келгенін хабарлады.
Мысырда Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісім бойынша саммиттен кейін сөйлеген сөзінде Макрон Радзуэлинаның елден қашуына көмектескені туралы ақпаратты әлі растай алмайтынын айтты. Ол Мадагаскарда конституциялық тәртіп сақталуы керек, Франция ел жастарының наразылығын түсінсе де, әскери топтар оны пайдаланбауы керек деп қосты.
25 қыркүйекте елде су мен электр қуатының тапшылығына байланысты демонстрациялар басталды, ол тез арада сыбайлас жемқорлық, басқару және негізгі қызметтердің жетіспеушілігі сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтып, көтеріліске ұласты.
Еске салсақ, бір айдан астам уақыт ішінде наразылар екінші рет үкіметті құлатып отыр.
Пікірлер (0)