Мемлекет басшысы облыс орталықтарын 5G-мен қамтуға 2 жыл ғана уақыт берді

Жаңалықтар
view 70
news

Жоспар бойынша бұған дейін белгіленген мерзім 2027 жыл болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында жасанды интеллектінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан өңірлерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету ісін жеделдету керектігіне тоқталды. "5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр", – деген мемлекет басшысы Үкіметке бұл міндетті орындауды жеделдетуді тапсырды:

"2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген болатын. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс". 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызына да тоқталды.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *