Мемлекет басшысы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтады

Жаңалықтар
view 299
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Отбасы күні қарсаңында Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды. Салтанатты іс-шараға Қазақстанның барлық аймағынан өңірлік кезеңдерде жеңіске жеткен отбасылар қатысты. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев байқау жеңімпаздарына арнайы сәлемін жолдап, құттықтау хатын жіберді. Президенттің жылы лебізін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.

«Мерейлі отбасы – 2024» байқауында Ақмола облысынан келген – Көңбай отбасы, Алматы облысынан – Жанбаевтар, Ақтөбе облысынан – Нұрбаевтар, Абай облысынан Смағұловтар отбасы лауреат атанды. Сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жеңімпаздары – Әділбаевтар, Қапышевтар және Сыдықовтар отбасылары. Одан бөлек, Батыс Қазақстан облысынан – Хамзиндер отбасы, Қарағанды облысынан – Халабаевтар, Солтүстік Қазақстаннан – Хасеновтер, Атыраудан – Сырәлиевтер, Қостанайдан – Шукуровтар, Жамбылдан Таңатаровтар, Жетісудан – Әлекеевтер, Павлодардан – Теміровтер, Ұлытаудан – Қыдырпатшаевтар, Қызылордадан – Бектаевтар, Маңғыстаудан – Мұқырбаевтар, Түркістаннан – Меңлібаевтар және Шығыс Қазақстан облысынан Қыдырхановтар отбасы үздік деп танылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *