Гүлзира Айдарбекова екінші келіні туралы айтты

Жаңалықтар
view 627
news

Сурет: Ашық дереккөзден

 продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, Instagram парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.

Продюсер келіні Әйгерім Саркенованың ерекше қасиеттерді тізіп шығып, құда-құдағиына алғыс білдірді.

«Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын ботам!

Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың. Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла», - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *