«Мені ұйықтатпағанының арқасында екі бала»: Ерке Есмаханның жазбасы көптің ашуын тудырды

Жаңалықтар
view 148
news

Коллаж: ozgeris.info

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасы үшін сынның астында қалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Оzgeris.info-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі жолдасы мен екі ұлының суретін бөліскен.

Суретке: “Мені ұйықтатпағанының арқасында екі жылда екі бала құшағында”, – деп жазған ол.

Ерке Есмаханның жазбасы желіні шулатты Әншінің бұл жазбасы желі қолданушылары жақтыра қоймаған сыңайлы. Олар Ерке Есмаханның суретін скриншоттап, Threads желісінде арнайы жазба жариялап жатыр.

“Осы апама ешкім көңіл бөлмейтін сияқты”, “Кейде шынымен қуып кетеді”, “Еркенің осындай қылықтарына Раймының өзі де күлетін шығар”, “Ерке, мағынасыз сөздері арқылы тек күйеуін ұятқа қалдырып отыр”, – деп жазды олар.

Кейбір қолданушылар өнер иесі өзін үнемі жас қыздармен бәсекелесетінін алға тартты.

“Ол қырық жасында да бәріне өзін әлі де “уау” екенін, тіпті жас қыздармен де бәсекелесе алатынын дәлелдеуге тырысып жүреді. Бірақ шын мәнінде адамдарға бәрібір. Ол жас әрі табысты жігітке тұрмысқа шықты, одан бала сүйді. Енді басқалардың пікіріне мән бермей, жас көрінуге тырыспай, себебі қартаю табиғи процесс, жай ғана тыныш әрі бақытты өмір сүретін уақыты келді”, – деп жазған ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *