"Мақсатты топтан Сәкен кетірді": "МузАртқа" қатысты еш жерде айтылмаған ақпар жария болды

Жаңалықтар
view 19
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде "МузАрт" тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевқа қатысты ақпар шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Желі қолданушысы: Әнші Мақсат Базарбаевтың "МузАрт" тобынан кетуіне Сәкен Майғазиевтің қатысы бар ма?, деп сауал жолдаған. Осы тұста пікір иелері түрлі ойларын ортаға салды.

"Сәкен біраз адамға ұнамайды", "Сәкен шақылдап тұр, Мақсат жуас", "Өзім кеттім деген", "100 пайыз Сәкеннің қатысы бар", "Сәкеннің де, Мақсаттың да дауысы ұнайды. Екеуі де талант", "Қай жағынан қарасаң да Мақсат мықты әнші", деді олар.

Ал Мақсат Базарбаев жақында берген сұхбатында бұл тақырыпты жабу керегін айтты. 

"МузАрт" тобынан өз еркіммен, ешкіммен дауласпай шықтым. Бұл дау қылатын тақырып емес, оны жабатын уақыт келді", - деп әнші халық арасында тараған қауесетке нүкте қойды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *