Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым көмектесуге дайын

Жаңалықтар
view 138
news

Өңірлік БАҚ-қа қаржылай қолдау өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жергілікті атқарушы органдардың конкурстарына қатысу арқылы жүргізіледі. Өйткені өңірлік БАҚ жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Өздеріңізге мәлім, өңірлік БАҚ-тың өтініштерінің нәтижесінде Министрлік өңірлік ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарып, конкурс түрінде өткізуге бастамашылық жасады. Бұл да өңірлік БАҚ-қа, әсіресе аудандық БАҚ-қа үлкен қолдау деп есептеймін. Марапаттау мәселесіне келетін болсақ, Министрлік тарапынан мемлекеттік мерекелер қарсаңында БАҚ өкілдерін ведомстволық наградалармен («Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы») марапаттау дәстүрге айналды. Наградаға ұсыныстарды БАҚ-тың меншік иесі, жергілікті атқарушы органдар немесе басқа да ұйымдардың атынан жолдай аласыздар. Ұсыныстарды Министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия қарап, шешім шығарады. Бұдан бөлек, мемлекеттік наградалар, «БАҚ қызметкерлері күніне» орай Президенттің арнайы сыйлығы, гранттары мен алғысы, Министрлік жыл сайын өткізетін «Үркер», «Тұмар» сыйлықтары бар. Министрліктің сайтында, әлеуметтік желілерінде аталған марапаттар бойынша ақпараттар бар. Бұдан бөлек, биылдан бастап мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін сыйлықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сыйлықты алуға өтінімдер ағымдағы жылы 1-30 қыркүйек аралығында қабылданды. Сіздер де Министрліктің жоғарыда атап өткен шараларына қатыса аласыздар.

Дана Төлеген

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *