Нариман Құрбанов Парижде өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды

Жаңалықтар
view 19
news

Фотосурет: дереккөз

2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Парижде (Франция) өткен FIG World Challenge Cup 2025 турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Қазақстандық атлет ат жаттығуында үздік шықты. Нариман 15,066 ұпай жинап, бірінші орыннан көрінді.

Екінші орын Армения өкілі Гамлет Марукянға (14,800) бұйырды. Үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта (14,733) жапты.

Еске салайық, Нариман Құрбанов – Қазақстанның спорттық гимнастика тарихындағы тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *