Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты: Amazon мен Walmart сөрелерінде сатылып жатыр

Жаңалықтар
view 24
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Қазақстандық ұн алғаш рет АҚШ нарығына экспорттала бастады, деп хабарлайды BES.media.

Алғашқы 50 тонна ұн Eurasian Legacy брендімен шығарылып, қазірдің өзінде Amazon, Walmart онлайн-дүкендерінің сөрелерінен және Нью-Йорк наубайханаларынан орын алған.

Amazon платформасында қазақстандық өнім Product of Kazakhstan таңбасымен 1,36 кг қаптамасы үшін 14,50 доллардан (шамамен 7 800 теңге) сатылуда. Бұл бір килограмының бағасы шамамен 5 750 теңгеге тең.

Жоба QazTrade арқылы жүзеге асырылуда. Сауда министрлігінің мәліметінше, алдағы уақытта ай сайынғы экспорт көлемі 100 тоннадан асуы жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *