Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар

Жаңалықтар
view 28
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды. 

2025 жылғы 28 тамызда Алматы қаласында MOST IT HUB алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының (РПП «Атамекен») өңірлік кеңесі мен Креативті индустриялар және IT салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл жиын IT-секторды нығайту және цифрлық экономиканы дамыту бойынша бірлескен қадамдарды айқындайтын маңызды диалог алаңына айналды. Шараға бизнес өкілдері, технологиялық компаниялар, инвесторлар мен индустриялық серіктестер қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы IT-саласының негізгі мәселелерін талқылады: өнеркәсіптегі цифрландырудан бастап венчурлік қаржыландырудың перспективалары мен қаржы секторының ынтымақтастығына дейін.

Aitu мессенджеріне ерекше назар

BTS Digital компаниясының өкілдері Aitu мессенджерін таныстырып, оны Қазақстанның цифрлық экожүйесіне ықпалдастыру жолдарын ұсынды.

BTS Digital бас директорының міндетін атқарушы Жарқынбек Азаматов атап өтті:

«Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте, ал Aitu-дың дамуын біз осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі деп санаймыз. Пайдаланушыға ыңғайлы әрі пайдалы болу – басты мақсат. Бүгінде Aitu азаматтар, бизнес және мемлекеттік құрылымдар үшін әмбебап құралға айналып келеді. Чат-боттар, колл-орталықтар және мини-қосымшалар – жаңа серіктестік мүмкіндіктерін ашады».

Қаржы секторының пікірі

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев:

«Aitu мессенджерін дамытудағы ілгерілеулер – сервистің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың нақты дәлелі. Әсіресе шетелдік баламалармен бәсекелестікте бұл елдің цифрлық егемендігін нығайтуға бағытталған қадам», – деді.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Шоканов:

«Мемлекет Басшысы цифрлық экожүйенің дамуын жүйелі түрде қолдап келеді. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Біз, бизнес пен азаматтар, отандық сервистерді қолдап, олардың дамуына үлес қосуымыз қажет», – деп атап өтті.

Жиында сондай-ақ BYB Production инвестициялық қорының басқарушы серіктесі А.Белисбеков пен «Omir Group Ltd» Директорлар кеңесінің мүшесі Д.Кунаев сөз сөйлеп, қазақстандық IT-нарықты дамыту мен Aitu мессенджерін ілгерілетудің маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *