Нұрай Серікбай ісіндегі күдіктіге сараптама жүргізіліп жатыр
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Бас прокуратура мен ІІМ марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне күдіктінің психиатриялық орталыққа жіберілуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Күні кеше марқұм 21 жастағы Нұрай Серікбай ісіндегі күдікті психиатриялық орталыққа жатқызылғанын жазғанбыз.
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов айтуынша, күдікті қазір Ақтас қаласында. Ол аса ауыр қылмыстарды тергеу аясында сот-психиатриялық сараптаманың міндетті түрде жүргізілуі тиіс екенін айтты.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов те осы іске қатысты пікір білдірді.
«Сараптамалар жүргізілгеннен кейін қылмыстық іс сотқа жолданады. Ол жауапкершілікке тартылатын болады. Бұған ешқандай күмән болмауы тиіс», – деді спикер. Белгілі болғандай, сараптама бір ай ішінде жүргізілуі тиіс.
Пікірлер (0)