Отбасылық құндылықтар дәріптелді

Жаңалықтар
view 83
news

Қалалық кітапханада мектеп оқушыларының қатысуымен «Отан – отбасынан басталады» тақырыбында кітапхана сабағы өтті.

Кітапхана мамандары оқушылармен бірге Қазақстан Республикасының егемендігі, ел жер тарихы, ұлтымыздың белгілі тұлғалары, ел бірлігі мен халықтар достығы, ұлтаралық келісім және отбасылық құндылықтар тақырыптары талқыланып, сабақ сұрақ-жауап түрінде өтті. Іс-шара қатысушылары аса белсенділік танытып, Тәуелсіз еліміздің тарихына қатысты ақпараттарды қызыға тыңдады. Сондай-ақ өздерін толғантып жүрген ой-пікірлерімен бөлісіп, егемендігіміздің баяндылығы жолында өздерінің де үлес қосатындықтарын жеткізді. Кеш соңында оқушылар алдағы уақыттарда да әдеби-танымдық сабақтар ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін жеткізді. Бұл балалардың қоғамда болып жатқан жаңашылдықтарға, жаңаша даму үрдісіне бейжай қарамайтындығын, өздерін қазақстандық қауымдастықтың ажырамас бөлігі екенін айқын сезінуінің көрсеткіші болса керек. «Кітап – жан азығы» демекші, болашақ ұрпақтың рухани байып, бүгінгі заманға лайық озық білім алуға талпынысы қуантады.

https://www.facebook.com/photo?fbid=281546108192101&set=pcb.281546338192078

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *