Өткен аптада «ұсталған» Мұрат Нұртілеу жұрт алдына шықты
Фотосурет: видеодан скриншот
Сырқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұрт алдына шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет үйінде ондаған БАҚ өкілдері Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қоршап алды. Министр оларға өзінің «ұсталғаны» туралы ақпарат жалған екенін ресми мәлімдеді.

Бұл – жалған ақпарат, абсурд нәрсе, - деді министр.
Сонымен қатар, ол жалған ақпарат тараған күні неге ресми пікір білдірмегенін де айтып өтті.

Әріптестерімізбен кездесіп, телефон арқылы сөйлестік. Оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы орган бар. Қажет болса, солар айналыса берсін. Мен бұны өзіме қабылдамаймын. Аққа құдай жақ, бұл да бір сынақ шығар, - деді Мұрат Нұртілеу.
Пікірлер (0)