Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы басталады

Жаңалықтар
view 77
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын жасайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Айта кетсек, 29 тамызда ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде президент:

Білесіздер, 8 қыркүйекте мен халыққа Жолдау жасап, елдің экономикалық және әлеуметтік саясатының маңызды мақсаттары мен міндеттерін айқындаймын, – деген болатын.

Бүгін шамамен таңертеңгі 09:00-ден бастап Парламент ғимаратына қос палатаның депутаттары мен Үкімет мүшелері келе бастады. Министрлердің арасынан бірінші болып Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келді. Іс-шара басталғанша олар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС атауын таңдау рәсімі қашан және қалай өтетінін айтты.

Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оған іс жүзінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілі кірді. Бұл жұмыс тобы өткен аптада шығармашылық комиссияның құрамын және ережесін бекітті. Құрамды бүгін жариялаймыз. Енді бұл комиссия станция атауын таңдау тәртібін әзірлеуге тиіс. Негізгі шешім қабылданды. Дауыс беру eGov Mobile алаңында ашық түрде өткізіледі. Яғни барлық қазақстандық өз ұсынысын енгізе алады, – деді ол.

Өткен аптада ұсталды деген қауесеттен кейін көпшілік Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртәлеуді күтті. Келген бойда журналистер оны қаумалап, сұрақтарын жаудырып жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *