«Бәрі – менің кінәм»: Әли Әлиев отставкаға кететін болды

Жаңалықтар
view 40
news

Фотосурет: rtbf.be

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев өз қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бас бапкер бұл шешімін биылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында ұлттық құраманың Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін жариялады.

Болғанның бәрі, яғни жеңіліс – менің кінәм. Мен ол үшін толық жауапкершілікті өз мойыныма аламын. Өтініш жазып, отставкаға кетемін және келген бойда президентке хабарлаймын, – деді Әли Әлиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде 5 ойын өткізіп, соның бәрінен небәрі 3-ақ ұпай жинай алды.

Әли Әлиев бастаған команда Бельгиядан бөлек, Уэльс (1:3, 0:1) және Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан да ұтылып, тек Лихтенштейн құрамасын (2:0) жеңе алды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *