Астанадағы өзен-көлдер жағасына құрылыс жүргізу шектеледі

Жаңалықтар
view 40
news

Фотосурет: janabastau.kz

Астана аумағындағы өзен-көлдердің айналасы енді заңмен қорғалады. Есілден бастап, Талдыкөлге дейінгі су айдындары үшін арнайы қорғау аймақтары мен белдеулер белгіленіп, ол жерлерде құрылыс пен шаруашылық жұмыстарға қатаң шектеулер қойылмақ, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы. 

Көпшілік талқылауына шығарылған Астана қаласы әкімі Қаулысының жобасына берілген құжатты қабылдау мынадай мақсаттарға құрылған:

1) Есіл өзені (жаңа арнасы), Есіл өзені (Гольф-клуб маңындағы старицасы), Қарасу өзені, Нұра-Есіл каналы, Майбалық көлі, Үлкен Талдыкөл көлі үшін су қорғау аймақтарының ең аз ені  500 метр және су қорғау белдеулерінің ең аз ені  35 метр;

2) Ақбұлақ және Сарыбұлақ бұлақтары үшін су қорғау аймақтарының ең аз ені300 метр және су қорғау белдеулерінің ең аз ені 20 метр;

3) Өлмес көлі, Бузықты көлі, Кіші Талдыкөл көлінің №7 учаскесі үшін су қорғау аймақтарының ең аз ені 300 метр және су қорғау белдеулерінің ең аз ені 35 метр.

Осылайша, Астана аумағындағы өзен-көлдерді қорғау үшін олардың айналасында арнайы қорғаныш аймақтар белгіленіп отыр. Бұл қаланың аумағына кіретін нақты қай су айдынына қанша метр жерді қорғау аймағы етіп белгілеу керектігі анық жазылып отыр деген сөз. Осы белгіленген шеңберлерде құрылыс жүргізуге, қоқыс тастауға, химикат қолдануға және тағы басқа шаруашылық әрекеттерге шектеу қойылады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *