Президент Бектеновке инвестиция саласында ұсыныс әзірлеуге 10 күн берді
Фотосурет: ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министрге тапсырма берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Елде ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын инвесторлар да тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Қаражаттың қай бағытқа, қандай мақсатпен және неге қажет екенін нақты білу қажет, - деді мемлекет басшысы.
Айтуынша, қазіргі күрделі ахуал кезінде инвестиция тарту – уақыт күттірмейтін мәселе.

Бізге жаңа ұстаным қажет. Қалай болса да тікелей инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ. Бірақ көзге оттай басылатын нәрсе, елімізде бірде-бір мекеменің атауында инвестиция деген сөз жоқ. Инвестиция, тіпті, жетім бала сияқты өз жолын таппай жүр. Сондықтан премьер-министр 10 күн ішінде нақты ұсыныс беруге тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (0)