Депутаттарға жыл соңына дейін банктер туралы жаңа заң шығару тапсырылды

Жаңалықтар
view 118
news

Фотосурет: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарға жыл соңына дейін банктер туралы жаңа заң шығару туралы тапсырма берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол құжат сектордағы бәсекелестікті дамыту мен нарыққа жаңа ойыншыларды тартуға ықпал етуге тиіс. 

Жаңа инвестициялық кезеңді ойдағыдай бастау маңызды. Екінші деңгейлі банктер белсенді түрде инвестицияға қаржы салуы қажет. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай, қолға алу керек. Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі, - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол қазір банктердің қаржы тәуекелі төмен бағыттарға қаражат жұмсап жүргенін алға тартты.

Себебі біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржы тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін табуы қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды. Шұғыл шешу керек. Осы бағыттағы маңызды қадам – технологиялық өзгерістер мен экономиканың қажеттіліктерін ескеретін банктер туралы жаңа заң қабылдау. Ол заң бәсекелестікті күшейту жолдары мен нарыққа жаңа қатысушыларды тартуды ескеруге тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол депутаттарға заңды жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *