«Арқан тартумен айналысатын уақыт емес»: Тоқаев инфляция мәселесіне тоқталды
Фотосурет: ksk21.ru
Қазір елдегі басты проблема – жоғары инфляция. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Бұл мәселенің дайын шешім рецепті жоқ. Онымен көптеген мемлекет бетпе-бет келіп отыр және ол шын мәнінде әмбебап сипатқа ие. Алайда біздің жағдайымызда ерекше өткір сипат алды. Бұл макроэкономикалық тұйық шеңберден шығу керек. Қайта туындайтын қиындықтарды еңсеру үшін алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені ескеру қажет. Сондай-ақ танымал емес шаралар үшін жауапкершілікті қабылдауға дайын болу керек. Үкімет пен Ұлттық банк біртұтас команда ретінде әрекет етуге тиіс. Өйткені жағдайдың күрделілігін ескерсек, бұл – жалпымемлекеттік міндет. Қазір арқан тартумен айналысатын уақыт емес, – деді мемлекет басшысы.
Пікірлер (0)