Елде бәсекеге қабілетті өнім шығару жұмысы жүйесіз жүргізіліп жатыр – Тоқаев

Жаңалықтар
view 120
news

Фотосурет: gov.kz

Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару жұмысы жүйесіз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол биыл Алматыда әртүрлі автокөліктер шығаратын Қазақстандағы ең үлкен өндіріс орны жұмысын бастағанын айтты.

Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз. Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс. Қазір бұл жұмыс жүйесіз жүргізіліп жатыр. Қолдау шарасын ұстанымдары мен талаптары әртүрлі институттар іске асырады. Мұндай ахуал кәсіпкерлерді әбден шатастырады. Бұл саланы ретке келтіріп, үйлестіру жұмысын толығымен қолға алу керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *