Қайрат Нұртастың Ресейдегі концерті аншлагпен өтті

Жаңалықтар
view 295
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Мәскеуде жеке концерт беріп, толы зал жинады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында видео жариялап, «Мәскеу, рахмет!» деп қысқа ғана жазба қалдырды, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Мәскеулік тыңдармандар әншіні ыстық ықыласпен қарсы алды

Жарияланған видеодан көрермендердің концерт залына лық толғанын көруге болады. Тыңдармандар Қайраттың әрбір әнін бірге айтып, қолдау білдіріп отырды. Әнші де әр репертуарын жан-тәнімен орындап, шынайы эмоция сыйлады.

Желі қолданушылары пікір қалдырып, жылы лебіздерін жеткізді:

«Нағыз аңыз!»

«Қайрат Нұртас – ең үздік әнші!»

«Дауысы керемет, Мәскеу сізді жақсы көреді!»

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *